Спорт

WBC "Канелоны" Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеді

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин мен Канело
Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірақ бұл жекпе-жек өтуі үшін Головкин, алдымен, Джермалл Чарломен жұдырықтасуы тиіс

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Халықаралық бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Геннадий Головкин, Сауль Альварес және Джермалл Чарло арасындағы мәселені қалай шешкенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Головкин "Канелоға" керек". GGG промоутері үшінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

"WBC "уақытша" чемпион мен міндетті түрде жұдырықтасуы тиіс қарсылас Джермалл Чарлоны Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеді. Головкин даулы шешімге көнгендіктен, тағы да жұдырықтасуға құқылы. Чарло — міндетті қарсылас, ал Головкин бірден реванш өткізуді талап етсе, "Канело" өзін қорғауды сұрады. Нәтижесінде Головкин "Канеломен" жұдырықтасуы үшін, алдымен, Чарломен кездесуді міндеттеп отырмыз. Осы жекпе-жек өтеді деген үміттемін", — деді Сулейман.

Осы уақытқа дейін Головкиннің командасы Чарломен жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, оны өздері үшін қызықсыз деп тапқан еді. Геннадий мен оның промоутері Том Леффлер бірден "Канеломен" үшінші жекпе-жек өткізуге рұқсат беруді сұрап отыр.

Тағы да оқыңыз:

Көптеген сарапшы үшінші жекпе-жекті келер жылдың қыркүйек айына дейін ұйымдастыру қиынға соғатынын жазып жатыр.

Жаңалықтар
0