Спорт

Қарсыласын "ұйықтатты": Қазақстан ММА-ден әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

© Photo : Национальная федерация ММА и панкратиона РКҰлттық федерация
Ұлттық федерация - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық құраманың қоржынында әлем чемпионатының бір алтын, бір күміс және жеті қола медалі бар

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Қазақстан құрамасы Бахрейнде аралас жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында тоғыз медаль жеңіп алды.
ММА және панкратион ұлттық федерациясының балуандары команда қоржынына бір алтын, бір күміс және жеті қола медаль салды.

Медаль - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан тарихта алғаш рет парадзюдодан алтын жеңіп алды

ММА-ден ересектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 11-18 қараша күндері Бахрейн корольдігінің астанасы Манамада өтті.

Чемпионат біріншілігіне 52 мемлекеттен шамамен 400 әуесқой балуан қатысты. Жарысты ММА (IMMAF) халықаралық федерациясы мен ММА (WMMAA) халықаралық ассоциациясы өткізді.

MMA және панкратион ұлттық федерациясындағылар жарысты өткізуге Бахрейн шейхі Хәлед бин Хамад әл Халифа көмектескенін хабарлады.

Әлем чемпионатында ересектер арасында 52,2 салмақ дәрежесінде Бағдат Жұбаныш чемпион атанды.

"Бағдат Бахрейн мен Ливан балуандарын мерзімінен бұрын жеңіп, аталған чемпионатта үздік атанды. Финалда да балуанымыз украиналық Роман Сыркинді тізе бүктіріп, өзінің шеберлігі үшін мамандардан жоғары ұпай алды", — деді федерация баспасөз қызметіндегілер.

65,8 салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер арасындағы турнирде күміс жүлдені Мирас Қажымұратов жеңіп алды.

Қола әйелдер арасында 52,2 салмақ дәрежесі бойынша өткен турнирде мемлекет тарихындағы алғашқы Азия чемпионы Нұржамал Садықоваға бұйырды.

Чемпионатта үшінші орында Әліби Теміртасов (ересектер арасында 56,7 салмақ дәрежесі), Әділбек Қайырғали (ересектер арасында 70,3 салмақ дәрежесі бойынша), Ерұлан Қабдолов (жасөспірімдер арасында 52,2 салмақ дәрежесі бойынша), Ғани Әділсерік (жасөспірімдер арасында 56,7 салмақ дәрежесі бойынша), Фариз Абдалов (жасөспірімдер арасында 56,7 салмақ дәрежесі бойынша), Мирамбай Табарак  (жасөспірімдер арасында 120 килограмм салмақ дәрежесі бойынша) алды.

Екі қазақстандық жарақаттары болмағанда алтын алатын еді. Үш кездесуде жеңіске жеткен Әліби Теміртасов санын жарақаттады, ал Әділбек Қайырғали бірінші жекпе-жектен кейін арқа бұлшық еттерін ауыртып алды.

Чемпионат алдында спортшылар айналасында неге шу шықты?

Бахрейнде өткен әлем чемпионатының алдында қазақстандық спортшыларға қатысты шу шықты.

Қазақстан ММА федерациясы мен ММА, панкратион және грэпплинг федерациясы арасында келіспеушілік туындады.

ММА федерациясы ұлттық құрама мүшелерінің жарысқа бара алмауына наразылық білдірді.

Нәтижесінде әлем чемпионатына WMMAA және IMMAF мойындаған ММА, панкратион және грэпплинг балуандары барды.

Жаңалықтар
0