20:55 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Ванес Мартиросян

Головкинмен жұдырықтасқан боксшы допинг-тесті "алдағанын" мойындады

© AP Photo / Chris Carlson
Спорт
Қысқа сілтеме алу
1011 0 0

Ванес Мартиросян әлеуметтік желіде пост жариялап, кейін оны өшіріп тастады

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізген америкалық боксшы Ванес Мартиросян Twitter-дегі аккаунтында күтпеген мәлімдеме жасады.

Мартиросян GGG-пен жеке-жек алдында марихуана қолданғанын жазды, деп хабарлады Sports.kz порталы.

"Олар маған GGG-мен жекпе-жек жөнінде қоңырау шалған кезде, менің үлкен кемшілігім болды. Кездесуге дейін бір апта бойы есірткі шектім,  ВАДА (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік – Sputnik) мені келесі күні тестілеуден өткізіп еді, тап-таза болып шықтым. Сондықтан тесті алдай аласың, менің ойымша, ВАДА ұстауды емес, қорғауды мақсат тұтады", — деп жазды Мартиросян, бірақ кейін ол өз жазбасын желіден алып тастады.

 Ванес Мартиросян мен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырда рингте кездесті. GGG қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

  

Естеріңізге сала кетейік, Головкин Сауль "Канело" Альварестен жеңілген болатын. Осы жекпе-жекке дейін мексикалық боксшының қанынан кленбутерол табылып, жекпе-жектен уақытша шеттетілген еді.


Тақырып бойынша

Головкин –"Канело" реваншы: Мейвезер допинг дауына қатысты пікір білдірді
"Канело" өзін-өзі ұстап берді. Допинг-жанжалға қатысты тың мәлімет шықты
"Канело" Головкинге қарсы күзгі жекпе-жегі алдында допинг қолданды ма? – комиссия жауабы
Головкин: "Канело" алғашқы жекпе-жектен алдын да допинг қолданды
Кілт сөздер:
допинг дауы, кәсіпқой бокс, Ванес Мартиросян, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып