Спорт

Ақмолалық боксшы қыз әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

CC0 / skeeze / Әйелдер боксы
Әйелдер боксы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы жартылай финалда ирландиялық Келли Харрингтоннан жеңілді

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Ақмола облысында тұратын 22 жастағы спортшы Карина Ибрагимова әлем біріншілігіне алғаш рет қатысты. 

Жерлесіміз финалға жолдама алу үшін Ирланд Республикасынан келген Келли Харрингтонмен жекпе-жек өткізіп, өкінішке қарай, қарсыласына есе жіберді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

 Осыған дейін Карина Ибрагимова ширек финалда 2016 жылдың Әлем чемпионы Венлю Янгты 5:0 есебімен жеңген болатын. Карина Ибрагимова Ақмола облысының спортшысы. 2015 жылғы ел біріншілігінің күміс жүлдегері.

© Photo : ҚБФ/Сергей ШтракКарина Ибрагимова (оң жақта) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Карина Ибрагимова (оң жақта) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды - Sputnik Қазақстан
Карина Ибрагимова (оң жақта) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ар бүгін Жайна Шекербекова (51 кг) Цукими Намикиге (Жапония) қарсы жұдырықтасады. 

Жайна Шекербекова 2010 жылғы Азия чемпионы, 2013-2014 жылдары қатарынан ҚР чемпионаттарының жеңімпазы атаған, 2016 жылғы Әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген, бірнеше мәрте халықаралық дәрежедегі турнирлерде алтынан алқа таққан өте тәжірибелі спортшы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 


Жаңалықтар
0