Спорт

"Олар шешпейді". Головкиннің бапкері бүкіләлемдік бокс ұйымына ашуланды

© AP Photo / Isaac BrekkenГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
WBC "Канеломен" Головкин - Чарло жекпе-жегінің жеңімпазы ғана жұдырықтаса алатынын хабарлаған-ды

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес қазақстандық боксшының Сауль "Канело" Альвареспен үшінші рет кездесу құқығына ие болу үшін, алдымен, Джермалл Чарломен кездесуі керек деген шартқа қалай қарайтынын жеткізді, деп хабарлайды

Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Джейкобс Головкин – "Канело" жекпе-жегін қайта көріп, жеңімпазды атады
Естеріңізге сала кетсек, жыл сайын Киевте өтетін Конвенцияда WBC Головкин — Чарло жекпе-жегін санкциялады. 

"Геннадидің карьерасын ұйым емес, боксшының өзі ғана басқарады. GGG-дің әрі қарай кіммен жұдырықтасатынын олар шешпейді. Егер үшінші жекпе-жек болатын болса, оның шарттары екі тарапты да қанағаттандыруы тиіс. "Канелоның" жарнамаға қатысты және өзіне керекті жұмыстарының барлығы ойдағыдай жүріп жатыр. Головкин оралған кезде бар назарымызды осы үшінші жекпе-жекті өткізуге бағыттайтын боламыз", — деді Абель Санчес K.O. Artist Sports басылымына берген сұхбатында.

Десе де, ол бұл жекпе-жектің реті келмесе, аталған жағдайға мойынсұнуға дайын екенін жасырмады.

Жаңалықтар
0