Спорт

Қазақ спортшысы UFC-дегі алғашқы жеңісіне жетті

CC0 / / ринг
ринг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төрешілердің шешімімен Дамир Исмағұлов аустралиялық Алекс Джорджестен басым түсті

АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Жақында ғана ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым қатарына қосылған қазақ жігіті Дамир Исмағұлов 2 желтоқсанда UFC-дегі дебютін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық спортшы сынған аяғымен әлем чемпионатының медалін жеңіп алды
Дамир Исмағұлов (16-2) жеңіліп көрмеген аустралиялық Алекс Джорджеспен (7-0) сынға түсті. Жекпе-жек барлығы 3 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Дамир жеңіске жетті.

"Хитман" атымен танымал Алекс Джорджес — 23 жастағы аралас жекпе-жек шебері, Australia Top Team мүшесі, UFN промоушенінің чемпионы. Айта кетейік, аустралиялық файтер де UFC-дегі дебютін жасайды. Жеті рет жекпе-жек өткізіп, оның барлығында да жеңіске жеткен. 

Жаңалықтар
0