Спорт

Головкин мен аты аңызға айналған спортшының кездесуінен видео жарияланды

© видеодан скриншотГеннадий Головкин мен баскетболшы Шакилл О'Нил
Геннадий Головкин мен баскетболшы Шакилл О'Нил - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы Шакилл О'Нилмен бокс кештерінің бірінде жолыққан

АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. Villainfy Media YouTub каналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен әлемнің ең танымал баскетболшыларының бірі Шакилл О'Нил кездесуінің видеосын жариялады. Олар Деонтей Уайлдер — Тайсон Фьюри арасында өткен жекпе-жектен кейін кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу барысында "Шак" Геннадийді жылы қарсы алып, әңгімелесіп, кейін бірге селфи жасауды сұрады. GGG бұл өтінішті қуана орындады. Арасында журналист Головкиннен жекпе-жекке қатысты ойын білмек болады. Алайда боксшы қолымен бұл сұраққа жауап бергісі келмейтінін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, Уайлдер мен Фьюри 2 желтоқсан күні Лос-Анджелес қаласында жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіс ешкімге берілмеді. Тайсон осы жекпе-жекте екі рет нокдаунға түсті.

Жаңалықтар
0