Спорт

Astana Arlans бокс клубы жабылады: неге?

CC0 / / Бокс
Бокс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Федерация шешімі бойынша көптеген жеңіске жеткен боксшылар командасы таратылады

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Astana Arlans клубы WSB лигасынан шығады. Бұл шешімді федерация жылдық конференцияда жариялады.

"Astana Arlans" клубына қатысты президент шешім қабылдады, біз бұл жобадан шығамыз. Келесі маусымнан бастап қатысуды тоқтатып, команданы таратамыз. Бұл жерде артық сөздің қажеті жоқ", — деп хабарлады ұйымның вице-президенті Данияр Абылғазин.

Естеріңізге сала кетсек, Astana Arlans клубы World Series of Boxing лигасының ең мықты қатысушыларының бірі болып, үш дүркін чемпион атанған. Қазақстандық клуб небәрі сегіз жыл ішінде бес рет финалдық маусымға шықты.

Кейінірек клубтың Instagram аккаунтында қазақстандықтарға үндеу жарияланды.

"Сегіз жыл бойы бізбен бірге болғандарыңызға рахмет", — делінген постта.

Федерация баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шара барысында шешімнің себебі айтылған жоқ, бірақ бұл WSB  ұйымдастырушысы AIBA ұйымына қатысты шиеленіскен ахуалдың себебінен болуы мүмкін.

Astana Arlans - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Боксшы чемпиондар Astana Arlans клубын сотқа берді

Айта өтсек, Халықаралық олимпиада комитеті бұдан бұрын AIBA-мен ынтымақтастығын тоқтататынын мәлімдеген болатын, оның ішінде Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындық та бар. Ал Қазақстанның бокс федерациясы кикілжіңді реттеп, боксшылардың қалай болғанда да Олимпиада ойындарына қатысуын қалайды.

Сонымен бірге конференцияда халықаралық байланыс бойынша федерация вице-президенті лауазымына Кеңес Рақышевтың тағайындалғаны мәлімделді. Токиодағы Олимпиада қарсаңында және AIBA-ға қатысты күрделі ахуалды ескерсек, жаңа вице-президентті ауқымды жұмыс күтіп тұр.

Жаңалықтар
0