Спорт

"Қызықтырмайды". Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мексикалық боксшы Головкин екеуінің әрқайсысының өз жолы бар екенін айтады

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен екінші рет өткізген жекпе-жектен кейін нағыз мықтының кім екені анықталғанын айтады. Сондай-ақ, ол қазақстандық боксшымен үшінші жекпе-жек өткізу үшін қандай да бір әрекет жасамайтынын, бірақ кез келген уақытта дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегінің қашан өтетіні хабарланды
"Біздің алға қойған мақсатымыз көбірек соққы жұмсап, осы соққыларды дәл тигізіп, қыспаққа алу болды. Біз осы мақсатымызға жеттік. Бастапқы раундтағы соққыларымнан кейін ол өзін жоғалтып алды. Сол кеште мен мықтырақ болдым. Нәтижеге күмәнданудың еш қажеті жоқ", — деді Альварес Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында.

Мұнымен қатар, "Канело" Головкиннің DAZN компаниясымен келісімшарт жасасып, арада үшінші жекпе-жек болуы мүмкін екеніне қатысты пікір білдірді. Екінші орта салмақ дәрежесінен әрі қарай көтерілгісі келмейтінін де айтып өтті. Бұлай жасаған жағдайда қарсыластарының өзінен әлдеқайда мықты болуы мүмкін екенін жасырмады.

Тағы оқыңыз:

"Қазір Головкиннің не істеп жүргені мені қызықтырмайды. Ол қалағанын жасай алады. Үшінші жекпе-жек қажеттілігі туындап жатса, біз оны Головкиннің кіммен келісімшарт жасасатынына қарамастан өткіземіз. Мен бес жылдық келісімшартқа қол қойдым. Біз үшін мықты жекпе-жектер өткізу өте маңызды. Қазір Головкин екеуіміз өз жолымызбен жүріп келеміз. Бірақ кездесуге әрдайым дайынмын. Екі жекпе-жек өткізген екенбіз. Неге үшіншісін өткізбеске?!" — деді мексикалық боксшы.

Жаңалықтар
0