Спорт

Жанкүйерлер тарихтағы ең жылдам нокаутқа куә болды

© Sputnik / Дархан МусинСегізбұрыш
Сегізбұрыш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ММА файтері қарсыласын төрт секундта нокаутқа түсірді

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik.  Америкалық аралас жекпе-жек шебері Шейн Маккей қарсыласы Джошуа Тэйлорды төрт секунд ішінде нокаутқа жіберді. Бұл туралы Shamrock FC турнирінің твиттер-аккаунтында жазылды, деп хабарлады РИА Новости.

Жарияланған видеода Маккей  қолғап түйістіріп сәлемдескеннен кейін бірден қарсыласына тұра ұмтылып, ұрып құлатқаны көрінеді. Бұл Shamrock FC 313 тарихындағы ең жылдам нокаут болды.

Осы турнир барысында көрермендер тағы бір жылдам жекпе-жекке куә болды: Джейкоб Тралл тоғыз секундта Диллон Толбертті   техникалық нокаутқа түсіріп, жеңісті жұлып алды.

 

 


Жаңалықтар
0