21:44 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Спорт
Қысқа сілтеме алу
574 0 0

Қазақстандық атлеттер 2008 және 2012 жылғы Олимпиада медальдерін иеленді

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Халықаралық олимпиадалық комитет шешімімен қазақстандық алтеттер әртүрлі жылдардың олимпиада медальдерінің иегері атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Жүлдегер атанғандар: зілтеміршілер Алла Важенина – алтын медаль, Анна Нұрмұхамбетова – қола медаль, жеңіл атлет Ольга Рыпакова – күміс жүлде.

Қазақстандық спортшылар неге бұрынғы жарыстар үшін жүлде иеленді?

ХОК мен Спорттық арбитраж соты (CAS) 75 кг салмақ дәрежесі бойынша қатысқан қытай атлеті Лей Цаоның допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен соң алтын жүлдеден айырды. Оның медалін қазақстандық Алла Важенина алды.

Ольга Рыпакова
© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте РК

Ольга Рыпакова Олимпиада-2008 кезінде төртінші орынға табан тіреген болатын, бірақ ресейлік Татьяна Лебедева мен грек қызы Хрисопия Деветцидің допинг пайдаланғаны расталған соң, олар күміс және қола жүлделерінен қағылып, ал Рыпакова тиісінше екі сатыға көтерілді – күміс жүлде.

Сочидегі Олимпиада-2012 қола жүлдесі Анна Нұрмұхамбетованың қанжығасына байланды. 69 кг салмақ дәрежесінде қатысқан спортшы алты жыл бұрын бесінші орын алған еді. Бірақ екінші және үшінші орындағы беларусь атлеттері Марина Шкерманкова мен Дина Сазановец допинг кесірінен жүлделерінен айырылып, отандасымыз қола медаль иеленіп отыр.

Қазақстандық спортшыларды қашан медальмен марапаттайды?

ХОК шешімі бойынша, спортшы қыздар марапаттау рәсімі қашан өтетінін өздері таңдай алады: ХОК-тің ірі шарасында, Халықаралық федерация шарасында, келесі Олимпиада ойындарында немесе Олимпиада музейінде.

Допинг дауынан кейін кім заңды жүлдесін иеленді?

Ауыр атлетика бойынша Олимпиада-2016 қола жүлдегері атанған Денис Уланов өз қалауына сәйкес Ашхабадта 2018 жылғы әлем чемпионаты кезінде марапатталды.

Тақырып бойынша

Бейжің Олимпиадасы: Рыпакова он жылдан кейін күміс медаль иеленді
Рыпакова тағы бір қола жүлдеге ие болды
"Мен оралдым". Илья Ильин допинг дауынан кейін алғашқы алтынын алды
Зульфия Чиншанло допинг дауынан кейінгі алғашқы алтын медалін жеңіп алды
Кілт сөздер:
жеңіл атлетика, ауыр атлетика, Олимпиада жүлдегерлері, Ольга Рыпакова
Загрузка...

Басты тақырып