Спорт

"Канелоның" промоутері Головкинді жеңгелі оның психикасына алаңдап жүргенін айтты

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оскар де ла Хойя Канелоның орта салмақ дәрежесінде ғана жұдырықтасқанын қалайтынын жасырмады

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Golden Boy Promotions басшысы Оскар де ла Хойя карьерасында Геннадий Головкин секілді боксшыны жеңіп, орта салмақтағы әлем чемпионының екі белбеуін иеленген Сауль Альварестің психологиялық жай-күйіне алаңдаулы екенін жеткізді, деп хабарлайды .

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Алдымда үлкен сынақ тұр". "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегі туралы айтты
Оскардың айтуынша, Сауль бұдан кейінгі жекпе-жектерге барын салып дайындалмауы мүмкін. Жалпы де ла Хойя өзін "Канело" әрдайым жеңіске ұмтылатын боксшы деп тынышталдырып отыр.

"Кейде сен жеңіске жететініңді немесе адамдардың сенен не күтетінін білесің. Осы сәтте психикаңды түрлі өзгеріс болады. "Жүгіріп қайту үшін сағат 7:00-де емес, 6-да оянайын. Спаррингте 12 емес, 10 раунд өткізейін" деген секілді ойлайсың. Әйтеуір, бойыңда бір нәрсе өзгереді. Сауль қазір өміріндегі мықты формалардың бірін ұстап тұр деген үміттемін. Сондай-ақ, ол екінші орташа салмақ дәрежесіне өтіп жұдырықтасады. Не болатынын көрейік", — деді де ла Хойя.

Бұдан өзге ол "Канелоның" тарихта өз атын қалдырғысы келетінін айтып өтті. Рокки Филдингті жеңген жағдайда екінші орташа салмақ дәрежесінде тұрақтап, көптеген мықты боксшылармен жұдырықтасуы мүмкін.

Тағы оқыңыз:

"Бірақ промоутер ретінде оның орташа салмақ дәрежесінде жұдырықтасқанын қалаймын. Сол кезде ғана өзімді жайлы сезінемін", — деді Оскар.

Жуырда Сауль Альварес мәлімдеме жасап, келесі жылы мамыр және қыркүйек айында жекпе-жек өткізетінін және қарсыласы Головкин болуы әбден мүмкін екенін айтқан-ды.

Жаңалықтар
0