Спорт

Аршавин "Қайраттан" кетуінің шынайы себебін айтты

Жазылу
Спортшы "Зенит", кейін "Кубань" үшін ойнаған кезде де мансабын аяқтау туралы ойлаған

АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Ресей құрамасы мен алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин мансабын аяқтау туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды sports.kz.

Андрей Аршавин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Жылқы еті қанша тұрады?" Аршавин Көк базарда қазақша сөйлеп жүр - видео
Спортшы футболдан кетуді көптен бері ойлап жүрген екен. 

"Англиядан кетерде, футболды тастау туралы ойладым. Бұл ой мені "Зенит", кейін "Кубань" үшін ойнаған кезде де мазалады. Ерте ме, кеш пе, мансабымды аяқтайтынымды түсіндім. Бірақ көбісі мүмкіндігің болып тұрғанда, ойна деп кеңес берді", — дейді Аршавин. 

Ол жазда "Қайрат" президентімен кездесіп, клубтың болашағын талқылағанын атап өтті. 

"Мен оған сенің орныңда болсам, менімен келісімшартты ұзартпас едім дедім. Ол менің сөзіме құлақ асқан сияқты", — деді ойыншы matchtv.ru берген сұқбатында.

Жаңалықтар
0