20:11 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Садриддин Ахмедов

Алты рет нокаутпен жеңген 20 жастағы қазақ боксшысы титулдық жекпе-жекке шығады

© Photo : prosports.kz
Спорт
Қысқа сілтеме алу
231800

Қазақстандық әлем чемпионының келесі кездесуінің күні белгілі болды

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың келесі кездесуінің күні жарияланды.

Қазақстандықтың мүддесін қорғайтын Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы Facebook желісіндегі ресми парақшасында Ахмедовтың келесі жекпе-жегі туралы хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Сонымен, оның алдағы кездесуі Монреальде (Канада) 26 қаңтарда өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласының аты әзірге белгісіз, бірақ Садриддиннің WBC "жас" чемпиондық титулы үшін жұдырықтасатыны мәлім.

Естеріңізге сала кетсек, Садриддин Ахмедов 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен. 20 жастағы боксшы орташа салмақ категориясында рингке шығып жүр. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәуір айында өткізді.

Жалпы кәсіби рингте алты жекпе-жек өткізіп, алтауында да қарсыласын нокаутқа түсірген.

Тақырып бойынша

Чемпион атанған Ибрагим Ескендір Бекболат Тілеуxанға алғыс айтты – видео
"Канело" Головкиннен кейінгі қарсыласын нокаутқа жіберді – толық видео
Қазақстандық боксшы мексикалықты 82 секундта нокаутқа жіберді – видео
Лондонда қос қазақ боксшысы қарсыластарын бірінші раундта нокаутпен жеңді - видео
Кілт сөздер:
кездесу, чемпиондық титул, кәсіпқой бокс, Садриддин Ахмедов
Загрузка...

Басты тақырып