Спорт

Головкиннің "Канелоны" жеңгеніне дәлел жарияланды – видео

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин - Альварес жекпе-жегі
Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екінші жекпе-жекте Головкин 208, ал Альварес бар-жоғы 123 соққысын дарыта алған

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Кәсіпқой бокс әлемінен эксклюзивті видеолар жариялайтын YouTube-тегі Artorias Boxing арнасы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес  арасындағы екінші жекпе-жек туралы ролик жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Онда жекпе-жек барысында боксшылардың әрқайсысы жасаған дәл соққылардың саны есептелген. Видео соңында жалпы статистика келтіріледі, одан Головкин 208 соққы жасап, қарсыласын айқын басымдықпен ұтқанын көруге болады, Альварес бар-жоғы 123 соққысын дарыта алған. 

Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жектің ресми нәтижесі бойынша "Канело" ұпай санымен жеңіске жетті: екі төреші 115-113, ал біреуі 114-114 деген ұпай берді. Жекпе-жек 2018 жылдың 15 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-де өтті. Ал Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек бір жыл бұрын өтіп, тең аяқталды. 

 

Жаңалықтар
0