Спорт

Головкиннің промоутері онымен жұмысын тоқтату туралы мәлімдеме жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның әйгілі кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкиннің промоутері БАҚ көздеріндегі түрлі қауесеттерге қатысты пікірін білдірді

АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен іскерлік қарым-қатынасын тоқтату туралы мәліметке қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"GGG-ді пайдаланғысы келді": Головкин промоутерімен неге қош айтысуы мүмкін?

Бұл ақпаратты алғаш рет твиттерде ESPN тілшісі Дэн Рафаэль хабарлаған болатын.

"Дэн, GGG мұны "сары басылым" деп атап, ол немесе оның мансабы туралы өзінен немесе менен сұрамай жазудың қажеті жоқ екенін айтты. Мұндай дүниені жазу жауапсыздық деп санаймын, енді жұрт сенің сөздеріңді пайдаланып, жалған ақпарат негізінде мақала жазып жатыр", — деді промоутер Рафаэльге.

Сонымен қатар, Леффлер АҚШ-тың басқа БАҚ өкілдері Майк Коппинджер (The Ring/Fox Sports) мен Марк Ортегаға (PBC on Fox) да ескерту жасады. Коппинджер өткен аптада Головкиннің жақында кішкентайлы болатынын хабарлаған болатын, ал Ортега GGG-дің басындағы жайтты Андре Уорд пен оның бұрынғы промоутері арасындағы даумен салыстырған еді.

"Майк, Головкиннің мансабы туралы айтқанша, жаңалық күт. Әлеуметтік желіде GGG-дің жеке өмірі туралы жазғаныңды қой. Ол отбасы мен боксты араластырмайды. Сәлде болса сыйластық танытып, ресми мәлімдемемізді күтсеңші", — деді Головкиннің бапкері.

Ал Марк Ортегаға бірдеңе жазбас бұрын, шын-өтірігін тексеру қажеттігін ескертті.

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Бұрынғы Головкин емес". Шетелдік тілші боксшының карьерасы туралы болжам айтты

"Марк, өзге басылымдар сияқты жалған ақпарат таратып жүрсің. "Маймыл көргенін істейді". Бірдеңе жазбас бұрын деректерді тексер немесе маған хабарлас. Уорд промоутерімен шартты бұзамын деп үш рет жеңілді. TGB Promotions бұл жайтты қуана-қуана есіңе салады", — деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен жұмысын тоқтатуы мүмкін деген қауесет тараған болатын. Бұл туралы жұрт әлеуметтік желіде қарама-қайшы пікірлер білдіруде.

Жаңалықтар
0