Спорт

The Ring Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегінде кім жеңетінін болжады

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин - Альварес жекпе-жегі
Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екінші жекпе-жекте Сауль Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын

АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп жазды Prosports.kz сайты.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Бес жылда алғаш рет". Головкин антирекорд орнатты

"Альварес төрешілердің даусыз шешімімен, аздаған басымдықпен ұтады", — деп жазады Фишер.

Қос боксшы арасында өткен екінші жекпе-жекте Сауль Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен іскерлік қарым-қатынасын тоқтату туралы мәліметке қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл ақпаратты алғаш рет твиттерде ESPN тілшісі Дэн Рафаэль хабарлаған болатын.

"Дэн, GGG карьерасы туралы өзінен немесе менен сұрамай жазудың қажеті жоқ екенін айтты. Мұндай дүниені жазу жауапсыздық деп санаймын, енді жұрт сенің сөздеріңді пайдаланып, жалған ақпарат негізінде мақала жазып жатыр", — деді промоутер Рафаэльге.


Жаңалықтар
0