Спорт

Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек: "Канелоның" басты қорқынышы анықталды

© AP Photo / Kathy WillensСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Журналист "Канелоға" өз фанаттарына Головкинді Лас-Вегастан басқа жерде жеңе алатынын дәлелдеу қиынға соғатынын айтты

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. BoxingNews24.com порталының журналисі Дэн Эмброуз мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің неден қорқатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Головкин – "Канело" жекпе-жегі: 3-ші кездесудің күні мен өтетін орны жарияланды
Оның айтуынша, "Канелоға" өз фанаттарына Головкинді Лас-Вегастан басқа жерде жеңе алатынын дәлелдеу қиынға соғады. Себебі оның келесі жекпе-жегі 4 мамырға Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында жоспарланған. Журналист "Канелоның" Головкинге қарсы екі даулы жекпе-жегі де осы аренада өткенін еске салды. 

"Канелоның" соңғы жекпе-жегі Лас-Вегастан тыс, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Бірақ бұл жекпе-жекте ол Чарло, Джейкобс, Андраде немесе Каллум Смит секілді мықты боксшылармен емес, әлсіз чемпион Рокки Филдингпен жұдырықтасты. Егер "Канелоның" T-Mobile Arena-ға оралуының басты себебі – оның бұл аренадан басқа жерде жеңіліп қалудан қорқатыны болса, онда бұл қапаланатын жағдай", — деп жазды журналист. 

Еске сала кетсек, Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөз басталғанын мәлімдеген еді. 


Жаңалықтар
0