Спорт

Балғамен соққандай: Жеңілмеген қазақ боксшысы көз ілеспес шапшаңдығымен тәнті етті - видео

© Sputnik / Данияр МайлыбаевЖәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ боксшысы жаттығу кезінде көз ілеспес шапшаңдығымен көзге түсті

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Жеңілмеген қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының (4-0, 1 КО) Лос-Анджелестегі жаттығуының видеосы әлеуметтік желіде жылдам таралып жатыр.

Спортшының көз ілеспес шапшаңдығына таңғалмау мүмкін емес, cоққы жасаған сайын қызық дыбыстар шығарады.

"Jekpe-jekke 2 apta qaldy", — деп жазды ол америкалық Стивен Мартинеске (18-4, 13 КО) қарсы кездесуін меңзеп. 

Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штаты Фриско қаласында 2 ақпанда өтеді.

Садриддин Ахмедов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Алты рет нокаутпен жеңген 20 жастағы қазақ боксшысы титулдық жекпе-жекке шығады

Пікір білдірушілер қазақ жігітінің жойқын соққысы мен шапшаңдығына тәнті болды. Атақты комикс қаһарманы Флешпен де салыстырғандар болды.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы сәуірдің 1-інде Жыланды ауылында дүниеге келген. Орташа, екінші орташа және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде әлі жеңіліп көрмеген кәсіпқой қазақ боксшысы. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі спорт шебері, әлем чемпионы, Азия чемпионаты мен Азиаданың әуесқой бокстан жеңімпазы. 

2018 жылдың қарашасында америкалық Александр Вонды ұтты.

Жаңалықтар
0