Спорт

Ақтөбелік фанаттар жас хоккейшілерге шабуыл жасады – видео

© Sputnik / Виктор ТолочкоПолицей көлігі
Полицей көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін елордалық команданы қонақүйге дейін шығарып салды

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Ақтөбеде "Жастар" лигасының матчы жанжалмен аяқталды. "Барыс" және "Ақтөбе"хоккей клубтарының ойыншылары турнир кезінде бірнеше рет төбелес шығарды, ал ойынға әбден берілген фанаттар, куәгердің айтуынша, елордалық хоккейшілерге шабуылдаған. 

Айта кету керек, екі команда ойыншылары төбелесіп, әдепсіз қылық көрсетуі салдарынан 142 минут айып уақыты жиналды, деп жазды Sports.kz. Осындай оқиғалардың бірінің видеосын спорт комментаторы Александр Олейник Twitter-дегі аккаунтында жариялады.

​ Матч аяқталғаннан кейін, полицейлер елорда хоккейшілерін қонақ үйге жеткізіп салғаны белгілі болды. Мұндай шараны жергілікті құқық қорғау органдары ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдады.

 "Мен Ақтөбедегі футбол жанкүйерлерінің бөлектенетінін білемін, бірақ хоккейде мұның не керегі бар? Жастар лигасы, 2002 жылы туған балалар. Осылайша бұл есуастар балаларға тап берді, қонақ үйге жеткізіп салуға тура келді, бірақ бұл оларды тоқтатуы екіталай", — деді Александр Олейник шағын блогында.

​"Ақтөбе" және "Барыс" арасындағы "Жастар" қазақстандық жастар лигасының матчы 5:0 есебімен аяқталды. Арена қожайындары жеңіске жетті.   


Жаңалықтар
0