15:52 22 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.05
  • EUR428.25
  • RUB5.84
Геннадий Головкин

Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY Sports
Спорт
Қысқа сілтеме алу
1119 0 0

Қазақстандық боксшы экс-менеджерлерін тиісті қызмет көрсетпегені үшін айыптайды

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Орташа салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа беріп, 3,5 миллион доллар талап етті.

GGG ағайынды Максимилиан мен Олег Германовтардан ірі көлемде өтемақы сұрап отыр. Оларға әдейі кіріс туралы толық есеп бермей, құжаттарда көрсетілген сомадан көп комиссия алды деген айып тағылған.

TheBlast.com басылымының жазуынша, Головкин сотқа берген арызында экс-менеджерлердің тиісті қызмет көрсетпегенін де атапты.

GGG мәлімдегендей, ол 2017 жылы ағайынды Германовтармен іскерлік қарым-қатынасын тоқтатқан, алайда олар шарттың бұзылғанына қарамастан Сауль "Канело" Альваресқа қарсы екінші жекпе-жегінен пайда түсіруге тырысыпты.

Головкин бұрынғы келісімдерінің өтемақысы ретінде 3,5 миллион доллар сұрап, менеджерлермен қатынасын ресми түрде тоқтату туралы сот шешімін көздейді.

Тақырып бойынша

Головкинге енді ешқашан жеңілмеудің жолы туралы айтылды
"Головкин – "Канело" жекпе-жегі: 3-ші кездесудің күні мен өтетін орны жарияланды
Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек: "Канелоның" басты қорқынышы анықталды
"Канелоның" промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жекке қатысты жағымсыз жаңалық айтты
Головкин – Альварес жекпе-жектерінің "айқын" жеңімпазы аталды
Головкиннің отбасында тағы бір атқамінер дүниеге келді
Загрузка...

Басты тақырып