12:22 20 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD379.29
  • EUR426.40
  • RUB5.93
Геннадий Головкин

Головкин "Канеломен" рематчта жеңілгенін мойындады – Boxingnews24.com

© Sputnik / Нина Зотина
Спорт
Қысқа сілтеме алу
1788 0 0

Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегінде мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Boxingnews24.com журналисі Арагон Гарсияның пікірінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен рематчта жеңілгенін түсінеді. Бұл туралы Sports.kz жазды.  

"Головкин екінші жекпе-жекте шынымен де "Канелоның" басым күшімен қарсы келді, мексикалық оған шабуылдай отырып қалай жұдырықтасу керек екенін үйретті. Осы жеңілістен кейін Головкин үнсіз қалды, ештеңе айтпады. Әдетте жеңісті тартып алғанын сезген спортшылар бұқаралық ақпарат құралдарына шағымданады. Ал таяқ жегенін түсінгендер үнсіз қалады да, көзге көрінбей кетеді. Головкиннің жеңілістен кейінгі үнсіздігін былай түсіндіруге болар еді: ол ұтылып қалғанын, әрі оңбай таяқ жегенін түсінеді", - деп жазды автор.

Головкин мен "Канелоның" II жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті. Альварес келесі жекпе-жегін 4 мамырда америкалық боксшы Дэниэл Джейкобсқа қарсы өткізеді.  

Тақырып бойынша

"GGG-ді пайдаланғысы келді": Головкин промоутерімен неге қош айтысуы мүмкін?
Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді
"Бес жылда алғаш рет". Головкин антирекорд орнатты
"Головкин – "Канело" жекпе-жегі: 3-ші кездесудің күні мен өтетін орны жарияланды
Кілт сөздер:
жекпе-жек, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып