02:14 22 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD379.29
  • EUR426.40
  • RUB5.93
Геннадий Головкин

Геннадий Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты

© AP Photo / Chris Carlson
Спорт
Қысқа сілтеме алу
1561 0 0

Головкинді IBF чемпиондық титулынан айырған халықаралық бокс ұйымы қазақстандықты жекпе-жекке қатысуға шақырды

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орташа салмақ дәрежесіндегі IBF чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты.

IBF Головкинді іріктеу кездесуіне қатысуға шақырған, бірақ ол келісім бермеді, деп жазады Sports.kz спорттық функционер Инго Фолькманнға сілтеме жасап.

Іріктеу кездесуіне эквадорлық неміс боксшысы Джек Кулькай мен IBF белбеуіне бұрынғы үміткер украиналық Сергей Деревянченко шығады. Кездесу жоспар бойынша 13 сәуірде америкалық Миннеаполис қаласында өтуі тиіс.

Қазір IBF чемпиондық титулының иегері Дэниел Джейкбос мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуға дайындалып жатыр. "Канело" бұдан бұрын қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің титулдарын жеңіп алып, орташа салмақ дәрежесінде WBC және WBA чемпионы атанған еді.

​​Геннадий Головкин "Канело" Альвареспен екі рет кездесті. 2017 жылы 16 қыркүйекте болған жекпе-жек теңбе-тең аяқталса, қарымта кездесуде қазақстандық сәтсіздікке ұшырап, барлық титулынан айырылып қалды. Жанкүйерлер қос былғары қолғап шеберінің кәсіби рингте тағы да күш сынасуын қалайды.

Былтыр Головкин IBF чемпиондық белбеуінен айырылып қалды. Мұның себебі – GGG украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға жазбаша келісімін бермеген.

Тақырып бойынша

Головкиннің промоутері онымен жұмысын тоқтату туралы мәлімдеме жасады
Головкиннің отбасында тағы бір атқамінер дүниеге келді
Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді
"Үшінші жекпе-жек өтеді": Альварестің промоутері ешкім күтпеген мәлімдеме жасады
The Ring Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегінде кім жеңетінін болжады
Кілт сөздер:
чемпиондық титул, кәсіпқой бокс, Джейкобс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып