Спорт

Фируза Шәріпова мен Анна Седокова Головкинді таңғалдырмақшы

© Photo : Allfight.ruФируза Шарипова
Фируза Шарипова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы қыз Анна Седокованы бірге жаттығуға шақырды

АСТАНА, 19 ақпан - Sputnik. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, ең сұлу спортшылардың бірі Фируза Шәріпова "ВИА Гра" тобының экс-солисі Анна Седоковаға бокс техникасын үйретпек. Ресейлік әнші Шәріпованың мұндай ұсынысын қабыл алып, бірге жаттығуға келісіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фируза Шәріпова өзінің Instagram парақшасында менеджері Сергей Завилейский мен Анна Седокованың суретін жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 📢🇰🇿🇰🇿🇰🇿📢 (@sharipova_firuza)

Фируза Шәріпова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Фируза Шәріпова өз портретін мың долларға сатып алды
"Анна Седокованы Мәскеуде бірге жаттығуға шақырамын. Сізге қазақстандық бокстың қыр-сырын үйретемін. Тіпті Геннадий Головкинді таң қалдыратын боласыз. Сіздің дене бітіміңізден бокспен таныс екеніңіз бірден көрініп тұр", - деп жазды боксшы қыз.

Әнші Анна Седокова чемпион қыздың постының астына пікір қалдырып, алғысын білдірді. Ал кейін өз парақшасында алдағы уақытта кездесетіні туралы хабарлаған.

"Бірге жаттығуды ұсынған Фируза Шәріповаға алғыс білдіремін. Жақын арада кездесетін боламыз. Геннадий Головкиннің бізге деген сенімін ақтаймыз. P.S. Мен ешнәрседен қорықпаймын",- деп әнші жаттығудағы видеосын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ANNA SEDOKOVA (@annasedokova)

Седокованың бокспен айналыса бастағаны туралы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин де өз пікірін білдіген болатын. Ол әншінің жаттығып жатқаны түсірілген видеосының астына "Осы қалыптан тайма" деген жазба қалдырған.

Бұған дейін Фируза Анастасия Волочкованы келемеждеген өлеңі үшін ресейлік әнші Сергей Шнуровты спаррингке шақырған болатын. Бұл жолы да Шнуров жауапты өлеңмен қайырды. Алайда спаррингке келген жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 📢🇰🇿🇰🇿🇰🇿📢 (@sharipova_firuza)

Айта кетсек, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова бірнеше мәрте Қазақстан мен Ресейдегі ең сұлу спортшы деп танылды. "Халық таңдауы" байқауында "Жыл спортшысы" және "Алтын Адам – Жыл адамы" сыйлықтарын иеленген.

Жаңалықтар
0