Спорт

Енді Қазақстанда UFC жекпе-жектері көрсетілмейді

© REUTERS / Stephen R. Sylvanie-USA TODAY SportsБой Хабиба Нурмагомедова и Конора Макгрегора
Бой Хабиба Нурмагомедова и Конора Макгрегора - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Телеарнаның баспасөз қызметі UFC жекпе-жектерін трансляциялау туралы келісімшарт бұзылғанын атап өтті

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. QazSport телеарнасы UFC турнирлерін трансляциялау тоқтатылғанын хабарлады.

"Qazsport телеарнасы белгілі бір себептерге байланысты (телеарнаның тарапынан емес) Ultimate Fighting Championship жекпе-жектерін көрсетуді уақытша тоқтатады. Өкінішіке қарай, екі тараптың келісімімен UFC трансляцияларын өткізу туралы келісімшарт бұзылды. Алдағы уақытта осы мәселе өз шешімін табады деп сенеміз", - деп жазылған хабарламада.  

Айта кетейік, мұндай түсініксіз жайтқа тек QAZSPORT телеарнасы ғана емес, әлемнің басқа елдерінің арналары да тап болды.

UFC жұлдызы Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады

Qazsport өткен жылдың қыркүйегінен бастап, 2019 жылдың ақпанына дейін телеарнамен бірге болған жекпе-жек сүйер қауымға алғысын білдіріп, болған жайтқа түсіністікпен қарауды сұрады.

Жаңалықтар
0