02:39 24 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
көкпар

"Қазақтар артық кетті" деген Қырғызстан көкбөрі федерациясының басшысы қызметінен кетті

© AP Photo / Vladimir Voronin
Спорт
Қысқа сілтеме алу
609 0 0

Жырғалбек Саматов қызметінен кеткеннен кейін бірден жаңа президент тағайындалды

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қырғызстанның көкбөрі федерациясының президенті Жырғалбек Саматов қызметінен кетті. Федерация құрылтайында өкілдер осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Федерация өкілдері өз шешімінің екі себебі барын айтып өтті. Біріншісі – федерация жетекшілігінің Астана қаласында өткен халықаралық көкпар ассоциациясының отырысына Қырғызстанның атынан бармауы. Екіншісі – Саматовтың халықаралық көкбөрі федерациясының бас хатшысы болып тағайындалуы. Осы себептен ол Қырғызстан бірлестігінде қызмет ете алмайды.

Саматов ҚР көкбөрі федерациясының президенті болып өткен жылдың шілде айында сайланды. Бұл уақытқа дейін Жогорку Кенеш депутаты болған.

Тағы оқыңыз: Көкпардың жаңа халықаралық ережесі бекітілді

Қырғызстан көкбөрі федерациясының жаңа басшысы кім

Федерация президенті қызметінен кеткеннен кейін бірден сайлау өтіп, орнына жаңа басшы тағайындалды. Ол "Северэлектро" ААҚ бас директоры Ескендір Қадырқұлов. Мұндай шешім әлемнің түкпір-түкпірінен келген өкілдер қатысқан федерация съезінде қабылданды.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстандағы көкбөрі федерациясының бұрынғы президенті Жырғалбек Саматов Өзбекстанда өтетін алдағы көкпардан әлем чемпионатында қазандықтың орнына шеңбер пайдаланылатын болса, қырғыз құрамасының оған қатысудан бас тартатынын мәлімдеген болатын.

Астанада өткен бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесіне Қырғызстан өкілдері қатыспады. Қауымдастықтың қалған мүшелері толығымен қазандықтан бас тарту идеясын қолдап, жаңа ереже бекітті. 2019 жылдың күз айында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында қазандықты шеңбер алмастырады.

Тақырып бойынша

Көкпар ойнаған ковбойлар немесе ұлттық ойынның ережесі қалай өзгереді?
Қазақстан көкпардан әлем чемпионы атанды
Бекболат Тілеухан: америкалықтар көкпар тартып, қытайлар аударыспақты мойындады
Америкалықтар көкпар туралы: осы отбасының мүшесі атанғанымыз қандай жақсы!
Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді
Бекболат Тілеухан көкпар дауы туралы: әдейі жастарды жібердік - видео
Сәтсіз Олимпиада, GGG-"Канело", көкпар дауы: 2018 жылғы спорттағы жеңілістер
Кілт сөздер:
Қырғызстан, ереже, көкпар
Загрузка...

Басты тақырып