14:14 19 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.39
  • EUR431.71
  • RUB6.11
Алексей Полторанин

Полторанин Қазақстанның консулдарымен байланыста болудан бас тартты

© AFP 2019 / JONATHAN NACKSTRAND
Спорт
Қысқа сілтеме алу
185 0 0

Австрия полициясы допинг қолданды деген күдікпен бес спортшыны ұстаған болатын

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Австрияда допинг қолданды деген күдікпен ұсталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полтаранин консулдармен байланыста болудан бас тартқан. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ол кісі біздің консулдық қызметкерлерімен байланыста болудан бас тартып отыр. Алдағы күндері жағдай нақтыланады деген ойдамыз. Тиісті сауалдар түскен жағдайда, қажетті көмек көрсетіледі", - деді Ашықбаев мәжіліс кулуарында.

Ол Қазақстан әрдайым допингтен таза спортты қолдайтынын атап өтті.

Айта кетсек, Австрияның Зеефельд қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында допинг дауы шықты.

27 ақпан күні Австрия полициясы допинг қолданды деген күдікпен бес спортшыны ұстаған болатын. Олардың арасында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин мен Эстония, Австрияның спортшылары бар.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шаңғышымен қазақстандық заңгерлер жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген болатын.

 

Тақырып бойынша

Полторанин мен Волотка Олимпиада финалына шыға алмады
"Мен оралдым". Илья Ильин допинг дауынан кейін алғашқы алтынын алды
Головкинмен жұдырықтасқан боксшы допинг-тесті "алдағанын" мойындады
Қазақстанның атақты шаңғышысы Еуропадағы жарыста алтын жүлде иеленді
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, шаңғышы, Алексей Полторанин
Загрузка...

Басты тақырып