Спорт

26 жастағы қазақ боксшысы тағы да қарсыласын сұлатып салды – видео  

CC0 / / Боксерский ринг
Боксерский ринг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сапарбай Айдаров Гана боксшысын екінші раундта нокаутқа түсірді

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Бүгін түнде Гананың астанасы Аккрада қазақстандық боксшы Сапарбай Айдаров (2-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы жергілікті боксшы Стивен Окине (13-16-1, 7 КО) болды. Төрт раундтық жекпе-жектің екінші раундында Айдаров нокаутпен жеңіске жетті. Шешуші сәттің видеосын Сапарбай инстаграмдағы парақшасында жариялады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Saparbay Aidarov (@saparbayaidarov)

Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы Сапарбай Айдаров алғашқы жекпе-жегін Үндістанда 3 ақпан күні өткізген болатын. Ол кезде Хайдерабад қаласында жергілікті мектептің өкілі Харш Пурохитті (0-2) техникалық нокаутпен ұтты.  

Жаңалықтар
0