Спорт

Элизабет Тұрсынбаева Универсиадада күміс медаль жеңіп алды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өту Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылғы XXIX дүниежүзілік қысқы Универсиадада
 Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылғы XXIX дүниежүзілік қысқы Универсиадада - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Алтынды" жапон Маи Михара, "қоланы" ресейлік Станислава Константинова иеленді

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.

Қысқа бағдарламадан соң жерлесіміз төртінші орынға табан тіреген. Еркін бағдарламаны еш қатесіз орындаған ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді.

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуПризеры женского одиночного катания на XXIX Всемирной зимней Универсиаде 2019 на церемонии награждения (слева направо): Элизабет Турсынбаева (Казахстан) - серебряная медаль, Маи Михара (Япония) - золотая медаль, Станислава Константинова (Россия) - бронзовая медаль.
Универсиада-2019. Әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау. Еркін бағдарлама.  - Sputnik Қазақстан
1/2
Универсиада-2019. Әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау. Еркін бағдарлама.
© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуЭлизабет Турсынбаева (Казахстан) выступает в произвольной программе женского одиночного катания на XXIX Всемирной зимней Универсиаде 2019.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылғы XXIX дүниежүзілік қысқы Универсиадада.  - Sputnik Қазақстан
2/2
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылғы XXIX дүниежүзілік қысқы Универсиадада.
1/2
Универсиада-2019. Әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау. Еркін бағдарлама.
2/2
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылғы XXIX дүниежүзілік қысқы Универсиадада.

Тұрсынбаева өзінің екі рекордын жаңартты. Еркін бағдарламадан алғаш рет 147.20 ұпай иеленсе, қоссайыс қорытындысы бойынша 214.77 ұпайға қол жеткізді.

Алтын жүлдені жапон Маи Михара (220.68), қоланы ресейлік Станислава Константинова (205.91) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Айза Мамбеква 124.41 ұпаймен 17-ші орыннан көрінді.

Жаңалықтар
0