Спорт

Баландин Словенияда екі алтын медаль жеңіп алды

© AFP 2024 / Jewel SAMAD Дмитрий Баландин
 Дмитрий Баландин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Словенияда өтіп жатқан халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды. Олимпиада чемпионы 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қарсыластарын басып озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ еркін әдіспен 50 метрге жүзген Александр Варакин де тұғыр бигінен көрінді. Осы бағдарламада Әділ Қасқабай үздік үштікке енген. 

Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Спорт
Назарбаев Баландин мен Рахимовты алтын медалдерімен құттықтады
"Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанса, Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден екінші орын иеленді. Диана Назарова 100 метрге шалқалап жүзуден алтын иеленсе, Алина Костенко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды", - деп хабарлайды комитет.

Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Артур Шагинян, Ален Охотинский төрттігі эстафетада алтын алса, қыздар командасы екінші орыннан көрінді. 

Айта кетсек, Словенияда жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу санатына жататын халықаралық турнир өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0