02:07 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Геннадий Головкин, архивтегі сурет

Головкиннің туған күні боксшы туралы не дейді - нумеролог айтып берді

© AP Photo / Seth Wenig
Спорт
Қысқа сілтеме алу
2095 0 0

Нумеролог белгілі боксшы Геннадий Головкиннің өміріндегі өзгерістерді болжап көрді

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. 8 сәуір күні әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 37 жасқа толды. Танымал жерлесіміз мүшел жасқа келіп отыр. Sputnik Қазақстан тілшісі нумеролог маманмен сұхбаттасып, белгілі спортшының алдағы өмірі жайлы білді.

Мүшел жас нумерологиясы

Нумерология – сандардың, процестердің және жалпы адамның өмірі мен санасының мистикалық байланысын зерттейтін ғылым. Алайда ол адамның өмір кезеңдерін бөліп қарастырмайды.  

"Қазақтар ғасырлар бойы мүшел жасқа мән берген. Бұл исламмен емес, тәңіршілдік кезімен байланысты. Бұл наным-сенімнің тамыры тереңде жатыр. Мен мүшел жас ұғымына сенемін. Оны Эгрегор әсері деп те атауға болады. Яғни адамдардың бәрі бір нәрсеге сене бастаса, сол нәрседе энергетикалық күш пайда болады. Ал энергетикамен, әсіресе, адам энергетикасымен байытылған дүние тылсым күшке ие болып, орындала бастайды", - дейді нумеролог.

Әр 12 жыл сайын қайталана есептелетін мүшел жас қазақта, жалпы түркі халықтарында қауіпті кезең деп есептеледі. Алайда нумерологияда 12 санының ерекше күші мен әсері жоқ деп саналады.

Мүшел жас – GGG үшін қате шешімдер жылы 

Сарапшы-нумеролог  Әйгерім Жауханова Геннадий Головкиннің өмірлік жолының кодын зерттеп, 2019 жыл спортшы үшін жеңіл болмайды деген болжам жасады. Сәті түссе, тұрақты жыл болуы мүмкін. Бұл кезеңде ойдағы жоспарларды жүзеге асыру оңайға соқпайды. Қате шешім жасау қаупі арта түседі. Күйзеліске ұшырап, өмірлік құндылықтарды қайта қарастыруы мүмкін.

"Оның карьерасына қатысты айтатын болсам , 37 жас – қате шешім жасау жылы деп шығып отыр. Осындай қауіп бар екенін көріп отырмын. Мәселен, ол қандай да бір қалада жекпе-жек өткізуге бел байлауы мүмкін. Алайда бұл дұрыс шешім болмайды. Қарсылас таңдаған кезде де, мұқият болған жөн. Алайда мұның мүшел жаспен байланысы жоқ екенін атап өткім келеді", - деді сарапшы.

Биыл асықпай, сабырмен жұмыс істейтін жыл. Спортшы өзінің шешімі мен әрекетін бүге-шүгесіне дейін ойластыруы керек. Головкин туындаған мәселелерді эмоцияға берілмей, салқынқандылықпен шешуі қажет. 

"Әрбір шешімді жан-жақты ойластырған дұрыс. Оның артықшылығы мен кемшілігін қағазға тізіп жазуға да болады. Отбасы мүшелерімен ақылдасып отыру керек. Өйткені олардың бізге үнемі жаны ашып, әрдайым сәттілік тілеп отырады. Сондықтан отбасы мүшелерінің кеңесіне құлақ түру қажет", - дейді сарапшы.

2019 жылы отбасыға көңіл бөлу керек

Осы жылдың сандары отбасыға ерекше көңіл бөлу керектігін көрсетеді. Бір сөзбен, отбасы және үймен байланысты шешімдердің бәрі боксшы үшін сәтті болады.

Нумерологтың айтуынша, Головкин осы жайттарды ескерсе, ішкі жан дүниесі мен сыртқы өзгерістер үйлесім табады.

"Биыл оған шаруаларын біраз саябырсытып,карьераға емес, отбасына көңіл бөлуге кеңес беремін. Нумерологияда тоғыз жылдық цикл деген бар. Оның әрбір жылы отбасы, жұмыс, карьера сынды нақты бағыттарға бөлінеді. 2019 жылдың сандары отбасымен байланысты. Сондықтан үй сатып алу, бірге сапарға шығу секілді нәрселермен айналысу керек. Ал отбасын екінші орынға қойып, карьераға көңіл бөлетін болса, жыл сәтті болмайды", - деп кеңес береді сарапшы.

Оның айтуынша, алдағы жылы бәрі өз орнына келеді.

Сондай-ақ, 2019 жылы нумеролог спортшыға өз денсаулығына көңіл бөлуге кеңес берді. Жұмыс қарқынын біраз бәсеңдету керек.

"Отыз жеті дегеніміз – аз емес. Әсіресе, оның бокспен айналысқанын ескеру керек. Сондықтан денсаулығына бей-жай қарамағаны дұрыс. Оның туған күні бойынша денсаулық көрсеткіші бірқалыпты. Дегенмен, бастапқы сандар тізімінен алшақ кету қиын. Сондықтан оларды ескеріп, адам өз мүмкіндігін асыра бағаламауы керек", - дейді нумеролог.

Геннадий Головкиннің өміріне әсер ететін сандар

Геннадий Головкиннің цифрлық матрицасына қарап, оның мейірімді, қоғамның мақтауы мен мойындауын ұнататын тәуелсіз, еңбекқор, қамқоршы, әділ адам екенін көруге болады. Маманның айтуынша, Головкиннің "Қазір спорттан бизнес жасайтын болды" деген сөздері де, оның әділетсіздікке қарсы екенін көрсетеді.

"Гена байсалды, сабырлы, тұйық адам. Өзгелер оны мейірімді, талапкер деп біледі. Головкин көптеген адамға үлгі бола алады. 8 саны бар адамның өмірлік қағидасы: "Адам қолынан келмейтін нәрсе жоқ". Ол Майқұдықтан Америкаға барып, оны бағындыру мүмкін екенін дәлелдегісі келгендей.  Головкиннің әділдігі саясатта да жақсы болар еді. Бокстан бөлек, саясатта сәтті қызмет ете алады деп ойлаймын. Алайда мұның бәрі әлі алда", - деді Әйгерім Жауханова.

Оның айтуынша, Головкин өмірінде сандар сәтті орналасқан. Сондықтан оның карьерасының табысты болуы алдын-ала белгілі болған.  

"Мұндай адамдардың карьерасы табысты болады. Оның кестесіне көз жүгіртсек, 21  мен 35 жас аралығында энергетикалық жоғарылауды көреміз. Әдетте, бұл кезең өте сәтті болады. Алайда 35 пен 42 жас аралығында энергетикалық күштің төмендеуі байқалады. Бұл – жаңа шешімдер емес, тұрақты жұмыс уақыты", - деді нумеролог.

Боксшының келесі сәтті кезеңі 42 жастан басталады. Бұл кезеңде ол өзінің мүмкіндігін таныта алады. Ол үшін спорт саласын таңдау міндетті емес.

Тақырып бойынша

"Бұрынғы Головкин емес". Шетелдік тілші боксшының карьерасы туралы болжам айтты
Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді
Головкин Назарбаевтың президенттіктен кетуіне қатысты пікір білдірді
Головкин карьерасын аяқтай ма? Эдди Хирн қызықты мәлімдеме жасады
"Бес жылда алғаш рет". Головкин антирекорд орнатты
Головкин тағы да Қазақстанның атын әлемге танытты
Кілт сөздер:
GGG, туған күн, нумеролог, болжам, бокс, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып