Спорт

Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды – толық видео

© AFP 2024 / Yong Teck LimЖәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) кәсіпқой рингте алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жанибек Алимханулы, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуге таласуға дайын екенін мәлімдеді  
Отандасымыз Лос-Анджелесте (АҚШ, Калифорния штаты) "Русский" лақап атымен танымал мексикалық Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасты. Әлімханұлы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Жәнібек кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC Continental Americas нұсқалары бойынша орта салмақтағы вакантты чемпиондық белбеулерін жеңіп алды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әлімханұлы инстаграм желісінде Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс және Деметриус Андраденің суреттерін жариялап, "барлық белбеуді қайтарып алғысы келетінін" жазған еді.

Жаңалықтар
0