Спорт

Головкин жаңа бапкерін таныстырды

© AFP 2024 / Frederic J. Brown Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл бойы Абель Санчес жаттықтырған еді

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) ресми түрде жаңа бапкерінің есімін жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Енді отандасымызды Джонатон Бэнкс жаттықтырады.

Қазақстандық боксшы жаңа бапкері туралы пікірімен бөлісті.

"Жақсылықты білмеді" Санчес Головкиннен не үшін бас тартқанын түсіндірді  

"Джонатон маған өз мақсаттарыма жетуге көмектесетін жаңа тәсілдерді үйретеді. Оның оқыту тәсіліне сенемін. Біз бар күшімізді салып жұмыс істеп жатырмыз. 8 маусымда әлемге ерекше Big Drama Show көрсету мүмкіндігін асыға күтемін", - деді Головкин.

"Артаевқа жол берген..." Геннадий Головкин туралы қызықты деректер

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин ұзақ жылдар бойы Абель Санчеспен жұмыс істеген еді. Алайда отандасымыз өзін тоғыз жыл бойы жаттықтырған бапкерінен бөлек кету туралы шешім қабылдады.

Джонатон Бэнкс кім?

36 жастағы Джонатон Бэнкс — ауыр салмақта сынға түскен америкалық кәсіпқой боксшы. IBO нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы (2008). NABF нұсқасы бойынша ауыр салмақта Солтүстік Америка чемпионы (2010-2012).

2012 жылдың 1 қарашасында ресми түрде Владимир Кличконың бапкері болды.

Сондай-ақ британиялық Диллиан Уайтты да жаттықтырған.

Жаңалықтар
0