14:33 08 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Тимур Құлыбаев

Тимур Құлыбаев ХОК комиссиясының мүшесі болды

© Sputnik / Владислав Воднев
Спорт
Қысқа сілтеме алу
215 0 0

Комиссия ХОК президентіне әлемдегі cпорт пен олимпизм рөлін дамыту стратегияларын түсіндіреді  

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы, доктор Томас Бах Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаевты қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі (PASD) ХОК комиссиясының мүшесі атануымен құттықтады.

"Сізді PASD комиссиясының мүшесі етіп тағайындағаныма қуаныштымын. Әріптестігіңіз үшін алғыс айтамын және жақын арада кездесеміз деп үміттенемін", - деп жазылған хатта. 

Аталған комиссия бұған дейін халықаралық қатынастар жөніндегі комиссия деп аталатын. PASD негізгі міндеттері қатарына ХОК сессияларын өткізу, ұйымның атқарушы комитеті мен ХОК президентіне әлемдегі спорт пен олимпизм рөлін дамыту стратегияларын түсіндіру, Олимпиадалық қозғалысты дамыту, БҰҰ және Олимпиадалық ойындардан бөлек өзге де ұйымдармен байланыс орнату жөнінде кеңес беру жатады.

Айта кету керек, Қазақстан ҰОК президенті алғаш рет 2017 жылдың сәуір айында аталған комиссия қатарына енген. 2018 жылдың тамызында ХОК басшысы PASD құрамын қайта қарап, Құлыбаевты қайтадан тағайындады. 2019 жылы әлемдегі гендерлік және құрлықтық теңдікті сақтау мақсатында Томас Бах жетекші мамандармен бірге комиссия құрамын қайта қарады. Бүгінде PASD құрамында 10 әйел адам және 18 ер адам бар. 

Комиссия құрамына ХОК Атқарушы комитетінің мүшелері, ҰОК басшылары, халықаралық федерациялар мен спорттық ұйым жетекшілері кіреді. Атап айтар болсақ, Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығының IAAF басшысы Себастьян Коэ мен Халықаралық триатлон федерациясының ITU президенті Марисоль Касадо және тағы басқа да танымал спорт тұлғалары бар. Комиссияға ХОК мүшесі әрі Америкааралық даму банкінің басшысы, Бүкіләлемдік экономикалық форум қоры басқармасының мүшесі, колумбиялық Морено Луис Альберто жетекшілік етеді. 

Қазақстан ҰОК басшысы 24 мамыр күні Лозаннада (Швейцария) өтетін Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы (ҰОКҚ) атқарушы комитетінің 78-ші отырысына қатысады деп жоспарлануда. 

Еске сала кетейік, былтыр жыл соңында өткен ҰОКҚ Бас Ассамблеясының отырысында Тимур Құлыбаевты 2022 жылға дейінгі ҰОКҚ Атқарушы комитетінің мүшесі етіп тағайындаған болатын. Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев – Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті. Ол осы қызметіне биылғы мамырда қайта тағайындалды. 

Тақырып бойынша

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке сайланды
Forbes: Құлыбаевтар байлардың тізімінде бірден 194 орынға көтерілді
Назарбаевтың мұрагері кім болуы мүмкін: отбасы мүшесі ме, билік элитасы ма?
Загрузка...

Басты тақырып