13:14 22 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.87
  • EUR422.40
  • RUB5.87
Мельдоний

Қазақстандық биатлоншы допинг үшін төрт жылға спорттан шеттетілді

© Sputnik / Павел Лисицын
Спорт
Қысқа сілтеме алу
68 0 0

2018 жылдың желтоқсанында спортшының қанынан тыйым салынған мельдоний табылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы анализдерінен тыйым салынған заттар табылғаны үшін дисквалификацияланған спортшылардың тізімін жариялады.

Қазақстандық биатлоншы Кристина Боровикованың анализінен тыйым салынған препарат шықққан.

Боровикова допинг-сынаманы Қазақстанның жастар чемпионатында 25-ші орынды иеленген кезде, 2018 жылдың 26 желтоқсанында тапсырды. Спортшының қанынан мельдоний табылды.  

Боровикова төрт жылға – 2019 жылдың 25 қаңтарынан 2023 жылдың 25 қаңтарына дейін жарыстардан шеттетілді.  

Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов жарыстардан шеттетілді   

Кристина Боровикова 2001 жылы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында туған.  

2016 жылы WADA Ақмола облысынан шыққан спортшы Игорь Криворчукті анализдерінен мельдоний табылуына байланысты төрт жылға шеттеткен еді. 2017 жылы Азия чемпионатының, Универсиада мен Азиаданың күміс жүлдегері Анна Кистанова фуросемид үшін екі жылға дисквалификацияланды. Осыдан кейін Кистанова карьерасын аяқтады.

Мельдонийге неге тыйым салынған

Мельдоний ағзадағы оттегінің сіңуін жеңілдетеді, сергітеді және жүрек жасушаларын әртүрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Препарат жұмыс өнімділігін арттырады, психикалық және физикалық артық күш жұмсау белгілерін азайтады, төзімділікті арттыруға көмектеседі, оңалтуды жеделдетеді.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) мельдонийді тыйым салынған препараттар тізіміне енгізді, оны спортшыларға жарыс кезінде де, одан тыс уақытта да пайдалануға болмайды.  

Тақырып бойынша

Жасөспірім қызбен жақындасқан Олимпиада чемпионы мәңгіге спорттан қуылды
Ильин допингке қатысты: не болғанын өзім де түсіне алар емеспін
Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиадаға қатыса ма?
Зілтемірші Светлана Подобедова сегіз жылға спорттан шеттетілді
Биоәжетханаға тығылып чемпион атанған спортшы жарыстан қуылды
Кілт сөздер:
допинг, биатлон
Загрузка...

Басты тақырып