05:26 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Данияр Елеусінов

"Біздің дәлеліміз бар" Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді

© Foto: Round By Round Boxing
Спорт
Қысқа сілтеме алу
513410

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 8 маусымда АҚШ-та өтетін Геннадий Головкин жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетуі тиіс болатын. Осы мәселе төңірегіндегі дау әлі де жалғасуда

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Данияр Елеусінов 8 маусым күні "Мэдисон Сквер Гарден"-де өнер көрсетуі тиіс болатын. Алайда Олимпиада чемпионы GGG  жекпе-жегінің андеркардында шықпайтын болды. Головкин мен оның промоутері Том Леффлер Елеусіновтің менеджментін кәсіпқой емес деп айыптады.

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі істерімен айналысатын америкалық менеджерлік компанияның басшысы Зия Алиев бұл мәселені түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Фируза Шарипова: Головкинге қатты қапа болдым

"Біріншіден, Том Геннадиймен сөйлескенімізді жақсы біледі. Геннадий де біледі. Мен өзім сөйлескен жоқпын. Сөйлескен адамның атын айтпай-ақ қояйын. Бірақ оның Головкинмен сөйлескенін анық білемін. Леффлердің не дегенін айта алар едім. Бірақ олай істемеймін. Керек болса, Том Леффлерден келген электрондық хаттар мен смс хабарламаларды көрсете аламын. Ол өз хаттарында Даниярдың орнына өзге боксшыны ұсынатынын жазды", деді Зия Алиев Sports.kz-ке берген сұқбатында.

Оның айтуынша, бұл тұста Даниярдың командасы емес, Том Леффлер кәсіби маман емес екенін көрсеткен. Алайда Зия Алиев оны айыптамайтынын айтты.

"Геннадий оның боксшысы, әркім өзінің боксшысын қорғайды. Ал бізді кәсіби маман емес деп айыптау күлкілі. Менде Matchroom-нан келген хат бар, сіздер оны көрдіңіздер. Редакцияға ұсынған болатынмын. Бірақ мен оның жарияланғанын қаламаймын", - деді ол.

Менеджерлік компанияның басшысы Головкиннің өз жолы, Елеусіновтің өз жолы бар екенін атап өтті.  

Тағы оқыңыз: Василий Жиров Головкинмен не үшін араласпайтынын айтты

"Том Головкин өзінің жекпе-жек кешінде Данияр Елеусіновті көргісі келмейтінін айтты. Смс хабарламаларды көрсете аламын. Том бұған дайын болса, біздің дәлеліміз бар. Мен оларды көрсетсем, кім шындықты айтып отырғанын бәрі бірден түсінеді",- деді Алиев.

Тақырып бойынша

"Қорықсаң, шаршы алаңға шығып керегі не?" Данияр Елеусінов туралы қызықты деректер
Данияр Елеусінов 37 жеңісі бар мексикалықты жеңді – видео
"Канело" Головкинмен кездесу үшін белбеуінен бас тартуы мүмкін  
Головкин мен "Канелоның" 3-кездесуі нокаутпен аяқталады: жеңімпаз аталды
Данияр Елеусінов Головкин үшін өз жекпе-жегінен бас тартты
Кілт сөздер:
команда, Головкин, Данияр Елеусінов
Загрузка...

Басты тақырып