Спорт

Боксшы қарсыласын небәрі 140 секундта жойқын нокаутқа түсірді - видео

© Photo : Kokeshi75Боксшы қолғабы
Боксшы қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі америкалық боксшының кездесуі бірінші раундтың соңына дейін аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Америкалық Деонтей Уайлдер өзінің жерлесі Доминик Бризилды жеңіп, WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын қорғады, деп хабарлайды РИА Новости

Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте Уайлдер бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Кәсіби рингте 33 жастағы Уайлдер 44 кездесу өткізген. 41-нде қарсыласынан басым болды (40 нокаут), 1 кездесуде есеп тең түскен, 2 рет жеңілді.

Тағы оқыңыз: Жылдың үздік нокаутының видеосы жарияланды

Бокссүйер қауым Деонтей Уайлдер мен Доминик Бризилдың кездесуін қызу талқылап жатыр. Небары 140 секундқа созылған жекпе-жек жойқын нокаутпен аяқталды. Уайлдер WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын қорғап қалды.

Жаңалықтар
0