Спорт

"Майкл Джексонды көрсетемін!" Головкин журналистердің көңілін көтерді – видео

© AP Photo / Damian DovarganesГеннадий Головкин, архивтегі фото
Геннадий Головкин, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
GGG сергек көрінесің деп мақтаған жанкүйеріне қалжыңмен жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллспен жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Головкиннің жаңа бапкері шәкіртінің жұдырықтасу мәнері ұнамайтынын айтты

GGG жиналған журналистерді бокс элементтерімен ғана емес, әзіл-қалжыңымен де қуантты. Әлдекім оның рингте жеңіл қозғалғанын және "жасарып" кеткенін айтып мақтады. Оған Геннадий былай жауап берді: "Музыка қойыңыздар, мен сіздерге Майкл Джексонды көрсетемін!". Бұл жұрттың көңілін көтеріп тастағаны сөзсіз.

​8 маусымда Геннадий Головкин Нью-Йоркте Стив Роллспен кездеседі. Бұл Головкиннің Джонатон Бэнкстің жетекшілігіндегі алғашқы жекпе-жегі және DAZN платформасындағы дебюті болады. Головкиннің ашық жаттығуының толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Жаңалықтар
0