Спорт

"Головкин – Роллс" жекпе-жегін тікелей эфирде қашан және қайдан көруге болады

© AFP 2024 / MARK RALSTON /Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның телеарналары Геннадий Головкин мен Стив Роллстың жекпе-жегін көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Әйгілі қазақ боксшысы Геннадий Головкиннің канадалық былғары қолғап шебері Стив Роллспен кездесуі 8 маусымда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9 маусымда таңертең) Madison Square Garden аренасында өтеді, Qazaqstan мен QazSport телеарналары жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетпек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan TV Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Qazaqstan арнасы Instagram парақшасында Геннадий Головкиннің Стив Роллспен жекпе-жегін 9 маусым таңертең - Қазақстан президентін сайлауға дауыс беру күні тікелей эфирден көрсететінін хабарлады.

QazSport телеарнасында бокс кеші таңғы алтыда басталмақ. Ал Qazaqstan тікелей көрсетілімге сағат тоғызда кездесу басталар шақта қосылады.

Тағы оқыңыз: Голливудтың танымал актері Головкин туралы фильм түсірді

Бұған дейін Геннадий Головкин қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен (52-1-2, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге шындап бекініп отырғаны белгілі болды.

Жаңалықтар
0