Спорт

Сайлау учаскелерінде Головкиннің жекпе-жегі көрсетіліп жатыр

© Sputnik / Кадир Айгюзель "Астана Операдағы" учаскеде Головкин - Роллс жекпе-жегі көрсетіліп жатыр
 Астана Операдағы учаскеде Головкин - Роллс жекпе-жегі көрсетіліп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
 Нұр-Сұлтан қаласында барлық сайлау учаскесінде GGG-дің жекпе-жегін онлайн режимде көрсету жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорданың сайлау учаскелерінде Геннадий Головкиннің кезекті бокс кеші тікелей эфирде көрсетіліп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баратын №115 учаскеде далада арнайы телеэкран орнатылған. Сайлаушылар дауыс бергеннен кейін өз жерлесінің жекпе-жегін көре алады.

Еуразия ұлттық университетінде орналасқан № 89 учаскеде де тікелей трансляция жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз: Головкиннің бокс кешінде жеңілмеген мексикалық нокаутқа түсіп қалды – видео

Нұр-Сұлтан қаласында барлық сайлау учаскесінде GGG-дің жекпе-жегін онлайн режимде көрсету жоспарланған.

Айта кетейік, Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Геннадий Головкин мен Стив Роллстың бокс кеші өтіп жатыр. Оны Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей көрсетіп жатыр.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварестен ұпай санымен ұтылды. Жақында GGG өз бапкерін ауыстырды. Бүгінгі жекпе-жекке ол жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге шығады.

Жаңалықтар
0