03:18 21 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Илья Ильин

Илья Ильин карьерасында алғаш рет күміс медаль алды

© Sputnik / Саид Царнаев
Спорт
Қысқа сілтеме алу
405 0 0

XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында Токио қаласында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин British International Open 2019 халықаралық турнирінде күміс медальге ие болды, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Халықаралық турнирде 96 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның намысын Илья Ильин мен 81 келіге дейінгі салмақта Денис Уланов қорғады.

"Илья Ильин қоссайыс қорытындысы бойынша 350 келі (165+185) зілтемірді бағындырып, екінші орынға ие болды", - делінген хабарламада.

British International Open 2019 турнирі 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасының іріктеу сайысы болып саналады. Жарыс Англияның Ковентри қаласындағы "Рико Арена" стадионында өтіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Головкин Роллсты жойқын нокаутқа түсірді – видео

Турнир 9 маусымда өз мәресіне жетеді.

Айта кетейік, Илья Ильин үлкен спортқа 2006 жылы келіп, сол уақыттан бері бірінші орынды ешкімге бермеген еді. Ол 4 дүркін әлем чемпионы. 4 рет әлем рекордын (-94 келі, -105 келі) жаңартқан.

Тақырып бойынша

Илья Ильин Катарда өтіп жатқан турнирде жарысқа шықпай қалды
Қазақстанның Олимпиада чемпионы медаль жеңіп алды
Катарда жарысқа шықпай қалған Илья Ильин мәлімдеме жасады
Ильиннің жаттығудан жариялаған суреті жанкүйерлерін алаңдатып қойды - фото
Он сегіз жастағы қазақстандық зілтемірші әлем чемпионы атанды
Кілт сөздер:
медаль, күміс жүлде, іріктеу, Токиодағы Олимпиада, Илья Ильин
Загрузка...

Басты тақырып