Спорт

Дмитрий Баландин АҚШ-тағы жарыста күміс медаль жеңіп алды

© Photo : Официальный сайт НОК РКДмитрий Баландин
Дмитрий Баландин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баландин АҚШ-тағы халықаралық турнирде екінші күміс жүлдесін жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Дмитрий Баландин АҚШ-тағы CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінің екінші күнінде тағы бір медаль алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Баландин брасс әдісімен 50 метрге жүзуде 27.55 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды. Бірінші орынды қытайлық Ян Зибей иеленген. Кеше 200 метрге брасс әдісімен жарысуда Баландин тап осы спортшыға есе жіберген болатын.

© Photo : Ұлттық олимпиада комитетіДмитрий Баландин АҚШ-тағы халықаралық турнирде екінші күміс медалін жеңіп алды
Дмитрий Баландин АҚШ-тағы жарыста күміс медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан
Дмитрий Баландин АҚШ-тағы халықаралық турнирде екінші күміс медалін жеңіп алды

Үшінші орынға тағы бір қытайлық спортшы орналасты. Әділ Қасқабай 50 метрге еркін әдіспен жүзуден финалдық сынға өте алған жоқ.

Турнирдің үшінші күнінде Дмитрий Баландин тағы жарысқа түседі. Бұдан бөлек, кеше күміс алған тағы бір қазақстандық спортшы Әділбек Мусин ертең 50 және 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жарыс жолына шығады. 

Еске сала кетейік, жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай әйгілі америкалық маман Дэйв Салоның жетекшілігімен АҚШ-та жаттығуда. 

Жаңалықтар
0