12:04 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Боксшы қолғабы, архивтегі сурет

Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео

CC0 / Kokeshi75
Спорт
Қысқа сілтеме алу
7823 0 0

Бірде-бір рет жеңілмеген спортшы Мадияр Әшкеев сұқбат кезінде ашуға ерік берді

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Сұқбат барысында ыңғайсыз сұрақты күтпеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне бір стақан суды шашып жіберді.

Боксшыға "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы жүргізушісінің ресейлік спортшы Магомед Абдусаламовке қатысты сауалы жақпай қалған. Ол 2013 жылдың 2 қарашасында Майк Перестен жеңілген соң комаға түскен болатын.

Тағы оқыңыз: 21 жастағы қазақ боксшысы мексикалықты 90 секундта жеңді – нокауттың видеосы

Абдусаламовтың жары қиын жағдайда күйеуіне барынша қолдау көрсетіп, жанында болған. 2017 жылдың қыркүйек айында боксшының отбасы дәрігерлер қателігін дәлелдеп, 22 миллион доллар көлеміндегі өтемақы алды.

Осыған байланысты жүргізуші қазақстандық боксшыға ыңғайсыз сауал қойды, деп хабарлайды Sports.kz.

"Сол Магомедтің орнында өзің болатын болсаң, әйелің төркініне кетіп қалмай ма?", - деп сұрады ол. Дәл осы сауалдан соң боксшы журналистің бетіне су шаша салды.

Бұдан соң Мадияр Әшкеев сұқбатты тоқтатқан.

Тақырып бойынша

"Оның бәрі - сатқындық" Әділбек Ниязымбетов кімді кешіре алмайтынын айтты
"Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды
"Майкл Джексонды көрсетемін!" Головкин журналистердің көңілін көтерді – видео
Қазақстандық боксшы мексикалықты нокаутқа түсірді – видео
IBO Головкиннің келесі қарсыласын таңдады
Кілт сөздер:
видео, су, журналист, қазақстандық боксшы
Загрузка...

Басты тақырып