12:22 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Гимнаст Нариман Құрбанов

Универсиада-2019: Қазақстанның қоржынына тағы бір медаль түсті

© Photo: пресс-служба НОК Казахстана / Сали Сабиров
Спорт
Қысқа сілтеме алу
158 0 0

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан күміс жүлдегер атанды

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде — Sputnik. Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті. Гимнаст Нариман Құрбанов күміс жүлдегер атанды.

Гимнаст Нариман Курбанов
© Photo : Пресс-служба НОК Казахстана / Сали Сабиров
Гимнаст Нариман Құрбанов

Нариман іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтаған болатын. Финалда ол 14.700 ұпай жинап, күміске қол жеткізді. Алтын медаль 15.400 ұпаймен топтан қара үзіп кеткен тайпейлік Ли Чи Кайдың еншісінде. Қола жүлдені 14.500 ұпай жинаған жапониялық Кая Казюма иеленді, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің сайты.

Еске сала кетейік, кеше спорттық гимнастикадан көпсайыс бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Милад Карими бесінші орынға табан тіреді.

Бұған дейін дзюдошы Ғалымжан Қырықбай алтын алса, Сәрсенкүл Рысбекова стендтік атудан үшінші орынды иеленді.   

Тақырып бойынша

Наурызға сый: Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында сенсация жасады – видео
Хиджаб киген тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы: "мұз ханшайымы" Захра Лари – фото
Универсиада ауылындағы үйлер "Нұрлы жер" бойынша кезекте тұрғандарға берілді
Элизабет Тұрсынбаева Универсиадада күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық биатлоншы допинг үшін төрт жылға спорттан шеттетілді
Кілт сөздер:
медаль, күміс жүлде
Загрузка...

Басты тақырып