08:08 16 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16

Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды

© Photo : Нұрдәулет Шертімнің Instagram парақшасынан
Спорт
Қысқа сілтеме алу
981201

Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтанның панкратион федерациясында қызметке орналасты

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Танымал әзілкеш, "Казахи" КВН командасының ойыншысы Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол жаңа қызметте немен айналысатынын айтып берді. 

"Панкратион өте дамыған спорт түрі. Менің жұмысым - қазіргі жастарды осы спортпен таныстыру, олардың панкратионға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Кеше кешке ғана бұйрық шықты. Құдай қаласа, осы аптада іске кірісемін", - деді жаңа қызметке тайындалған Нұрдәулет Шертім  Sputnik Қазақстан-ға. 

Сондай-ақ, ол федерацияның алдағы жоспарына да тоқталды.

"Қарашаның 1  мен 5 аралығында панкратионнан Италияда әлем чемпионаты болады. Соған спортшыларды дайындаймыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласындағы панкратион федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры.

Айта кетсек, Нұрдәулет Шертім "Казахи" КВН командасы құрамында Жоғары лиганы вице-чемпионы (2010), Прага кубогының жеңімпазы (2010) атанған. Сондай-ақ белгілі әзілкеш "Базарбаевтар" сериалына, "Гуд бай, мой бай!" және "Женатики" фильмдеріне түсті.

Тақырып бойынша

Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды
Павлодарға жаңа әкім тағайындалды
Түркістанға жаңа әкім тағайындалды
Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа қызметке тағайындалды
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, басшы, КВН
Загрузка...

Басты тақырып