Спорт

Иван Дычко америкалық боксшыны "ұйықтатып" тастады - жойқын нокауттың видеосы

© AP Photo / Lee Jin-manИван Дычко, архивное фото
Иван Дычко, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иван Дычко кәсіби рингтегі тоғызыншы кездесуінде нокаутпен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде - Sputnik. Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко (9-0, 9 КО) кәсіпқой бокста тоғызыншы рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

View this post on Instagram

A post shared by SPORTS.KZ (@kzsports) on

Ол АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливудта кезекті кездесуін америкалық боксшы Нэйт Хэвенге (9-2, 7 КО) қарсы өткізді. Ауыр салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ Дычко екінші раундтқа қарсыласын нокаутқа түсірді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

Сонымен, қазір Иванның кәсіби рингте тоғыз жеңісі бар, ол әлі бірде-бір рет қарсыласынан ұтылып көрген жоқ.

Бұдан бұрын Дычконың менеджері Зия Алиев айтқандай, қазақстандық боксшы биыл кем дегенде тағы үш жекпе-жек өткізеді.

Тағы оқыңыз: Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты

Жаңалықтар
0