Спорт

"Қайраттың" бұрынғы футболшысын атып өлтірді

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивное фото вооруженного мужчины
Архивное фото вооруженного мужчины  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы уақытта 27 жастағы спортшы "Коринтианс" клубында өнер көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. "Қайрат" шағын футбол клубының бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньесті Бразилияның Эрешин қаласында атып өлтірді.

Соңғы уақытта 27 жастағы футболшы "Коринтианс" клубында өнер көрсеткен. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, команда "Атлантикомен"  Бразилия кубогы үшін кездесу өткізген. Бұдан кейін қаладағы түнгі клубқа барған.

Куәгерлердің айтуынша, Дуглас Нуньес пен "Коринтианстың" өзге ойыншылары түнгі клубта жанжалға араласып кеткен. Клубтан шыққан кезде олардың жанына көлік жақындап, оқ атқан. Салдарынан Дуглас Нуньес жарақат алып, көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Футболшы матч кезінде көз жұмды – қайғылы оқиғаның видеосы

Полиция қылмыскерді іздестіруге кірісті. Дуглас Нуньес "Қайрат" футбол клубында өнер көрсеткен болатын. Оның құрамында 2017 жылы Қазақстан чемпионы атанып, УЕФА кубогында 3-орынға ие болды.

Жаңалықтар
0