06:23 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Боксшы Сергей Деревянченко

Головкиннің қарсыласы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

© Photo: аккаунт Сергея Деревянченко в соцсети
Спорт
Қысқа сілтеме алу
4674 0 0

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі қазан айында Нью-Йорк қаласында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Геннадий Головкиннің қарсыласы, украин боксшысы Сергей Деревянченко 5 қазанда Нью-Йоркте өтетін жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

"Командамның орташа салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасуға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Головкинді қатты құрметтеймін, рингте оған қарсы тұра алатынымды дәлелдеп, әлем чемпионы атанып, арманыма жетсем деймін. Madison Square Garden аренасында DAZN кездесуін көруге келген барша жұрт айшықты жекпе-жектің куәсі болады. Рингке шыққанша асықпын!" – деді Деревянченко.

Еске сала кетсек, Головкин — Деревянченко жекпе-жегінің жеңімпазы IBF бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы титулына ие болмақ.

Тағы оқыңыз: Головкин - Деревянченко жекпе-жегі: кездесу туралы деректер

Бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Instagram парақшасында Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуі 5 қазанда өтетінін хабарлаған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

"Екінші үйім деп санайтын @thegarden рингіне қайта оралатыныма қуаныштымын. Бесінші қазанда жақсы жекпе-жек болады. Madison Square Garden мен DAZN-ғаа Big Drama Show-ды қайтарамыз", - деп жазды боксшы постында.

Тақырып бойынша

Головкин "Канелоны" жекпе-жекке шақырды - мексикалық күтпеген жауап берді
Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек
Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болмайды: "Канело" мәлімдеме жасады
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне кім кедергі болғаны анықталды
Кілт сөздер:
жекпе-жек, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырып