18:15 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Серік Сәпиев

Сәпиев бокстан әлем чемпионатында кімнен медаль күтетінін айтты

© Sputnik / Абзал Калиев.
Спорт
Қысқа сілтеме алу
2287 0 0

Олимпиада чемпионы және спорт комитетінің басшысы ұлттық құрамаға жоғары бағасын берді

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Бокстан олимпиада чемпионы , мәдениет және спорт министрлігі комитетінің төрағасы Серік Сәпиев әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құрамаға енген спортшылар "Қазақстан президенті кубогында" іріктелді. Сәкен Бибосынов бірінші орын алды, Тұрсынбай Құлахмет пен Закир Сафиуллин өздерін көрсете білді. Василий Левит болса, шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Құрамадағы спортшылар жақсы. Әрқайсысының бокстасу әдісін білемін", - деді олимпиада чемпионы.

Оның айтуынша, әр боксшы ел қоржынына медаль алып беруі мүмкін.

"Құрама ардагерлеріне үміт артып отырмыз. Өйткені олардың тәжірибесі бар. Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Абылайхан Жүсіпов, Қайрат Ералиев. Соңғы кездері Тұрсынбай Құлахмет жақсы нәтиже көрсетіп келеді, Азия чемпионы болды", - деді Сәпиев.

Тағы оқыңыз: Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты

Дүйсенбі, 26 тамыз күні 2019 жылдағы әлем чемпионатына қатысатын ерлер ұлттық құрамасының тізімі жарияланды. Оған Сәкен Бибосынов, Қайрат Ералиев, Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Тұрсынбай Құлахмет, Бекзат Нұрдәулетов, Василий Левит пен Қамшыбек Қоңқабаев енді.

Тақырып бойынша

"Оның бәрі - сатқындық" Әділбек Ниязымбетов кімді кешіре алмайтынын айтты
"Ол өтірік айтады": Головкиннің қарсыласы күтпеген мәлімдеме жасады
"Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды
Елеусінов бірде-бір рет жеңілмеген боксшымен жекпе-жек өткізеді
Геннадий Головкин допинг-тестен өтеді
Кілт сөздер:
әлем чемпионы, бокс, Серік Сәпиев
Загрузка...

Басты тақырып