Спорт

"Қазақстан – Ресей" футбол матчы: жанкүйерлер Балтық теңізі жағасында демалатын болды

© Sputnik / Абзал КалиевБолельщики ждут яркой, результативной игры
Болельщики ждут яркой, результативной игры  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресей құрамалары 9 қыркүйекте Калининградта кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Ресей құрамаларының жанкүйерлері Балтық теңізі жағалауында қыдырып, түрлі сыйлықтар алатын болады.

Өз командасын жақтауға барған қонақтарға Светлогорск қаласының билігі бір күнді теңіз жағасында өткізіп, сыйлықтарға ие болуды ұсынады, деп хабарлайды РИА Новости муниципалитетке сілтеме жасап.

"Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясындағы ойын облыс орталығында кешке басталады. Ал күндіз Светлогорск қаласын аралауға шақырамыз және "Осы күнді Светлогорскте өткіз!" атты науқанды жариялаймыз. "Ресей – Қазақстан"  матчының билетін 9 қыркүйекте  Светлогорск ақпараттық-туристік орталығына көрсеткен жан тамаша сыйлыққа ие болады", - деп мәлімдеді қала әкімшілігі.

Ресей мен Қазақстан құрамаларының арасындағы матч 35 мың орындық "Калининград" стадионында өтеді. Ол 2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты үшін Октябрьский аралында салынған болатын.

Жаңалықтар
0